Маңғыстау облысына Каспий теңізі акваториясына дейінгі 722 мың гектар жерді қосу жоспарланып отыр. Құжат Үкімет қаулысыа сәйкес Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылған.
Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы ауданы 721940,2365 гектар жер облыс аумағына қосылмақ. Соған сәйкес, Маңғыстау облысының шекарасы да өзгереді.
Мұндай тапсырманы Үкімет басшысы тура бір жыл бұрын Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында берген. Іnformburo.kz хабарлауынша, қаулы 24 мамырға дейін ашық талқыға түседі.
Пікір қалдыру