Прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде кәсіпкерлерден сыртқы жарнама ретінде заңсыз салық төлемдері алынғаны анықталды.
"Жарнама туралы" Заңға сәйкес, визуалды жарнамаларға салық салынбайды.
"Қызылорда облысында бизнес объектілерінде үгіт материалдарын орналастырғаны үшін 18 кәсіпкерге салық салу фактісі анықталды, алайда заң талаптарына сәйкес салық салуға болмайды. Жалпы, прокурорлар 1600 ден астам заңсыз салық алу фактілерін анықтады", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Бүгінге прокурорлық қадағалау актілері бойынша 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 725 бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды, 12 млн теңгеден астам қаражат кәсіпкерлерге қайтарылды.
Пікір қалдыру