Әлеуметтік желіде БАКАД маңындағы көпірдің астында арбада жалғыз жатқан сәбидің видеосы тарап кетті. Полицейлер баланың анасы табылғанын айтып, болған жағдайға түсініктеме берді.
"Анасы баласын тастамаған. Оның мобильді интернеті істен шыққандықтан, хабарласатын жер іздеп, жолды кесіп өткен. Әйелдің есі дұрыс, қаржылық жағдайы жақсы", – деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Еске сала кетейік, БАКАД маңындағы көпір астынан нәресте табылған болатын. Сәбиді тапқан ерлі–зайыптылар аймақты бір сағат қарағанымен, ешкімді кездестірмеген. Сондықтан полицияға хабарласып, сәбиді жауапты тұлғаларға тапсырған.
Пікір қалдыру