Орыстан опа, Түріктен тірек іздеп...

/uploads/thumbnail/20170708200245466_small.jpg

Кейінгі кездері саяси аренадағы қарама-қайшылықтардың залалы мен зардабы анық байқалып жатқаны сөзсіз. Ол өзін ақтайды ма? Біз үшін беймәлім дүние бұл. Бірақ қанша дегенмен дәл осы сәтте досың мен дос, бауырыңмен бауыр болып қалудың жолын іздеген абзал сияқты. Ендігі кезектегі мәселе мынада: Бауырлас ел болып саналатын Түркия елімен Ресейге қарсы санкцияға қатысты  көзқараста қарама қайшылық пайда болып отыр. Ойымызды нақтылау үшін тақырыпты кеңінен тарқатып көрсек.

            Түркия мемлекетінің басшысы Тайып Ердоған Ресейдің ұшақтарының өрексел қателікке бой бергенін айтып, оны қатаң жазалауға шақырды.

            Ресей ұшақтарының Түркия территориясына енгені туралы дауға нүкте қойылған негізі немесе қойылғандай болды. Бұл туралы Түркияның премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы мәлімдеген болатын. Мәскеу ресми кешірім сұрап, екеу-ара кешірім жасасып тарқасқан-ды. Алайда, премьерінің бұл шешімімен Ердоған келісе алмағанға ұқсайды.

            Түркия президенті алдағы уақытта Ресейден газ экспорттау мәселесін қайта қарастыратынын мәлімдеді. Айта кетуіміз керек, Түркия бүгінде «ГазПромның» ең үлкен серіктесі. Демек екеу-ара араздық Ресей экономикасына  үлкен залал келтіретіні сөзсіз.

            Естеріңізге сала кетейік, Ресей ұшақтары бауырлас Түркия мемлекетінің әуе кеңістігіне бірнеше секунтқа еніп кеткен. Кейін Кремль бұл оқиғаны күн  райының қолайсыздығынан кеткен қателік деп кешірім сұраған болатын.

            Ердоған өз елінің әуе кеңістігін бұзу, НАТО-ның әуе кеңістігін бұзу болып табылады және бұл факті бойынша Ресейдің берген мәлімдемесі дерексіз әрі салмақсыз деп мәлімдеді. Сөйтті де мінбеден тұрып Мәскеудің бұл бассыздығы үшін сазайын тарттырып, қатаң жазалау керек деп жар салды.

            Иә, дәл бүгінгі жағдайда бұндай мәлімдемелерге тойынып болдық. Алайда осы тұста бізді ойландыратын бір мәселе. «Қамшы» жаңалықтарын қайта шолып оқысаңыз ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Ресейге санкция салуды доғару керек деген мәлімдемесін оқисыз.

            Ел президенті француздың Le Figaro газетіне берген сұхбатында Батысты экономика мен саясатты шатастырмау керектігін мәлімдеген болатын 

            "Еуропа Ресейге қатысты санкция режимін алып тастау қажет. Бұл санкциялар саясат тұрғынысынан нәтиже бермеді. Ресейдің өткеніне қараңыздар - бұл қуатты ел. Санкция арқылы бұл елді саяси бағытынан айныта алмайсыздар", - деп мәлімдеді Елбасы.

            Ендігі кезек исі қазақтың маңдайына сап ете қалатын бір сұрақ туындайды. Бізге Ресей жақын ба, әлде Түркия ма? Айтқызбай-ақ белгілі. Біз ресейдің ең жақын серіктесіміз. Бағытымыз бір. Экономикамыз тығыз байланыста. Алайда, Түркия ше? Этникалық бауырымыз, тәу еткен тәуелсіздігімізді ең алғаш мойындаған мемлекет қой. Бірақ аталған мәселеге келгенде көзқарастағы қайшылық анық байқалады һәм алаңдататыны тағы бар.

            Бауырлас елдің бағыты бөлек бүгінде. Ал бауырлас елдермен пікірдің қайшы болуы біздің мүддеміз бе? Әлде... Ары тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледінің кесірі.

           

Арқалық Сағи

"Қамшы" сілтейды

            

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар