Кәрім Мәсімов апелляциялық шағым түсірді

/image/2023/05/22/crop-59_9_610x1085_1017336688_0_0_2641_1660_1920x0_80_0_0_8714f8514e1abf4d679f56b9a78d8e821200x630_

18 жылға бас бостандығынан айырылған Кәрім Мәсімов апелляциялық шағым түсірді, деп мәлімдеді Астана қаласының мамандандырылған соты.  

"Айыпталушы апелляцияға шағым жазған, бірақ шағым апелляциялық сотқа әлі түскен жоқ. Іс аса құпия қаралғандықтан, басқа мәліметтерді жариялауға болмайды", – деді соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасынан кейін "мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға тырысты" деп айыпталып, 18 жылға сотталған болатын. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар