Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне қатысты семинар өтті

/image/2023/05/24/crop-14_275_886x1575_whatsapp-image-2023-05-22-at-20.27.33-1.jpeg

Қазіргі уақытта діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тақырып өзектілігін жоғалтпайды, өйткені қазіргі әлемде адамзат үшін күрделі проблемаға айналған терроризм мен экстремизм сияқты құбылыстардың көбеюі байқалады. Осы факторды ескере отырып Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Адам және қоғам» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 16-17 мамыр күндері аралығында, білікті теологтарды, дінтанушыларды, сарапшыларды, психологтар мен философтарды тарта отырып, Алматы қаласының 100-ге жуық жалпы білім беру мекемелері мен колледждердің мұғалімдеріне арналған 12 сағаттық оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында мамандар тарапынан деструктивті діни ағым идеологиясының қоғамға қауіптілігі және оған қарсы қолданылатын дәлелдер мен әдіс-тәсілдер, зайырлылық түсінігі, ғаламтор кеңістігінде күмәнді діни ақпараттардың таралуын болдырмау және оған қарсы тиімді насихаттық жұмыстарды жүргізу әдістері және т.б. дін саласына қатысты маңызды ақпараттар берілді.

«Бүгінгі күні дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі діни экстремизм идеологиясының таралуының алдын-алу, дәстүрлі емес діни идеологияның таралуына қарсы насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады. Діни экстремизм идеологиясының таралуымен күрес барлығымыздың ортақ жұмысымыз болғандықтан, жалпы білім беру мекемелері мен колледждердің мұғалімдері  осы семинардан орасан тәжірибе алып, жұмыстарында тиімді пайдаланады деген ойдамыз», - деді Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке.   

Мамандар қатысушылармен қажетті ақпараттарымен бөлісіп, дінаралық толеранттылық құндылықтарын бекіту және экстремизмнің алдын алу аса маңызды мәселе екендігін жеткізді.

«Қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері туралы айтылды. Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекеттің өркендеуі үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығы жайлы атап өтілді», - деді оқыту семинарының лекторы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры- Тимур Нүсіпханұлы

Оқу семинарының қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.  

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар