Жемқорлардан тәркіленген ақшаға салынатын мектептер тізімі шықты

/image/2023/05/24/crop-0_54_450x800_kwrylys.jpg

Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын мектептер тізімі жарияланды.

Биыл жемқорлардан түскен қаражаттан жалпы сомасы 96 млрд 495 млн теңге болатын 62 жоба іске асырылмақ. Оның ішінде ескірген мектептің орнына жаңа мектеп салу, жаңа мектептер құрылысын бастау мен орын тапшылығы бар білім мекемелеріне қосымша ғимарат салу жобалары кіреді.

Оқу–ағарту министрінің бұйрығы бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда Астана қаласы мен Алматы облысында салынатын  мектептер саны басым. Осы екі облыста 10 мектептен салу жоспарланған. Ал одан кейінгі орында Түркістан облысы тұр. 

Салынатын мектептер тізімі мен оларға қанша қаражат бөлінетінін мына сілтемеден көруге болады.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар