Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 21 маусымына дейін ұзартылды.
"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініші қанағаттандырылды. Қамау мерзімі 2023 жылдың 21 маусымына дейін ұзартылды", – делінген сот хабарламасында.
Еске сала кетейік, Қайрат Құдайбергенге қаңтар оқиғасында Дикий Арманмен бірге адам жинады деген айып тағылған болатын.
Пікір қалдыру