Қазақстандықтар 5,9 трлн теңге ипотекалық несие алған

/image/2023/05/24/crop-28_2_501x891_xbamuig0.jpeg

Қазақстанда ипотекалық несие алушылардың саны 500 мың адамнан асты.  Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, несие алушылардың орташа қарызы 10,2 млн теңгені құрайды.

"Бүгінгі таңда ипотекалық несиенің жалпы көлемі – 5,9 трлн теңге. 290 000 несие алушы қарызды ең кемі 10 жылда төлейміз деп алған" – делінген хабарламада.

Берілген несиелер саны бойынша Астана мен Алматы қалалары көш бастап тұр.

"Ипотекалық несие алушылардың 36 пайызын екі қаланың тұрғындары құрайды. Астанада – 98,1 мың, Алматыда – 83,5 мың несие алушы тіркелген"– деп мәлімдеді кредиттік бюро.

 

Дереккөз: krisha.kz

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар