Қытаймен визасыз режим 2–3 айда іске қосылуы мүмкін

/image/2023/05/29/crop-4_9_436x774_photo_113072-1.jpeg

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен 2–3 айдың ішінде визасыз режим енгізілуі мүмкін екенін айтты. 

"Президентіміз Қасым–Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары кезінде екі ел арасындағы визасыз режимге қол қойылды. Бір–екі айдан соң режим енгізілуі мүмкін. Екі тарап та мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғанын хабарлайды. Содан кейін келісім күшіне енеді", – деді Смадияров.

Оның айтуынша, визасыз режим енгізу екі елдегі мемлекеттік органдардың жылдамдығына байланысты жүзеге асады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар