Халық арасында "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиевті тұтқынға алу мерзімі 7 тамызға дейін ұзартылды.
Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, сот қаулысымен Арман Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктіні қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзарту туралы үкім шықты.
Еске сала кетейік, былтыр 7 қаңтарда арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынған болатын. Ол "Қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысы бар" деген күдікке ілінген еді.
Пікір қалдыру