Кейде бір жаман ой келеді: қазақтың қайғылы асы даңғаза тойға айналып бара жатқан сияқты... Маған, әсіресе, "бүгін біздің асымызға пәленщекең келді" деп, сосын оның атақ-дәрежесін, қызметін тәптіштеп атап, сөз бергені ұнамайды! Ас берілсін, Құран оқылсын, қысқа да нұсқа кіріспе сөз айтылсын, сосын қажет деп тапқан адам ешбір мақтау-мадақсыз ортаға шығып өз ниетін білдірсін: ол бастық па, бай ма, кедей ме - осы асқаеш қатысы жоқ қой. Гәп сонда!
Пікір қалдыру