Қамаудағы журналист Думан Мұхамедкәрімнің жағдайы күрт гнашарлаған. Тергеу изоляторына 2 рет жедел жәрдем шақыртылған. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі бюро хабарлады.
Думан Мұхамедкәрім бүгінге дейін бүйректің созылмалы ауруынан шалдыққан. Дәрігерлер болса денсаулығы қалыпты деп тергеу изоляторына қалдырған.
Еске салсақ, Думан Мұхаметкәрімнен "Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бабы бойынша қылмыстық істе куәгер ретінде жауап алынып жатқаны хабарланған. Кейін адвокаты Ғалым Нұрпейісов журналистің Мұхтар Әблязовпен жасаған сұхбаты үшін де жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтты.
Пікір қалдыру