Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Coursera директоры Джефф Мажионкалда қаланың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн-оқытудың жаһандық платформасын енгізу мақсатында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуге Қазақстандағы Coursera директоры Рауан Кенжеханұлы қатысты, сондай-ақ электрондық білім беру саласындағы Bilim Media Group және т. б. компанияларды таныстырды.
Ерболат Досаев атап өткендей, Алматы сервис пен технологияның ең ірі қаласы ретінде оқытудың заманауи құралдарын талап етеді. Жыл сайын техникалық және кәсіптік білім беру саласында қосымша база мен оқыту бағдарламаларын талап ететін жаңа мамандықтар пайда болуда. Бүгінде Алматы қаласында 85 техникалық-кәсіптік білім беретін ұйым жұмыс істейді, онда 80 мыңнан астам студент оқиды.
Өз кезегінде Джефф Маджионкалда Courserа цифрлық оқыту платформасы туралы айтты. Бұл – студенттер мен тәрбиешілерге әлемдік деңгейдегі университеттер мен компаниялардың онлайн курстарына қол жеткізуді ұсынатын жаһандық платформа. Coursera өз платформасында 118 миллионнан астам оқушыны біріктіретін ең ірі және беделді жаһандық білім беру экожүйелерінің бірі болып табылады.
Coursera бірыңғай пакетте қала колледждерінің студенттері мен оқытушылары үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі курстарға, сондай-ақ колледждерді college.smartnation.kz автоматтандыру платформасына және студенттерді жұмысқа орналастыратын beam.kz платформасына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, студенттерді онлайн-оқытуға кеңінен тарту туралы уағдаласты.
Пікір қалдыру