Маңғыстаудағы кен орнында 6 күннен бері ұңғыма жанып жатыр

/image/2023/06/14/crop-17_10_436x776_photo_113608.jpeg

Маңғыстаудағы Қаратұрын кен орнында алты күннен бері ұңғыма жанып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 9 маусымда бұрғылау құралын көтеру кезінде басталған. Ақтаудан 277 км, аудан орталығы Шетпеден 135 км қашықтықта орналасқан кен орында өрт сөндіру жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. 

Оқиға орында ашық газ фонтаны пайда болғандықтан, өртенген аумаққа жақындап, арнайы өрт сөндіру құралдарын пайдалану қиынға соққан. Қазіргі уақытта өртті ауыздықтауға  2 қызметкер мен 17 техника жұмылдырылған.Өрттен зардап шеккендер тіркелмеген. 

13 маусымда Маңғыстау облысының әкімі кен орнындағы бұрғылау кезінде шыққан өртке байланысты шұғыл кеңес өткізген. Кеңеске энергетика вице–министрі Асхат Хасенов, ҚазМұнайГаз АҚ, Өзенмұнайгаз АҚ басшылығының және осы компанияның басқа да бөлімшелері мен мердігерлерінің өкілдері қатысқан. Бірақ кеңестің қандай шешіммен тарқағаны әзірге белгісіз. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар