Алматы облысында 3,5 мың гектар жер олигархқа заңсыз берілген

/image/2023/06/16/crop-4_10_700x1245_31183-1.jpg

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 3500 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды. 

Бас прокуратура мәліметінше, аталған жерлер 2017 жылы Форбс тізіміндегі белгілі кәсіпкерге заңсыз берілген. Ол аталған жерді мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығарып, жекеменшігіне өткізген.

"Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау мақсатында аталған жерлерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыстар жүргізіліліп жатыр" , – деп мәлімдеді ведомство.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі құны 714 млн болатын 26,8 мың га жер мемлекетке қайтарылды.

Бұл жерлер жылдар бойы ауыл шаруашылығына пайдалануға берілмей,  фермерлер егістік және жайылымдық жерлерге өте мұқтаж болған.

 

Дереккөз: Ұлыс медиа

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар