АҚШ сириялық оппозицияға қару жіберіп, қолдау көрсететін болды

/uploads/thumbnail/20170708200315392_small.jpg

Құрама Штаттары сириялық оппозицияға жауынгер дайындау бағдарламасын тоқтатып, «Исламдық мемлекет» бүлікшілерімен соғысып жатқан күштерге қару-жарақ пен құрал-сайман жібере бастады. Бұл туралы «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме бере отырып хабарлайды.

Жұма күні Пентагон ИМ-ге қарсы күресетін сириялық жауынгерлерді дайындап, оларды жабдықтау бағдарламасына кейбір өзгеріс енетіні жөнінде мәлімдеген болатын.

Дайындықтан өткен оппозиция жауынгерлері бүкіл техника мен қаруды жихадшыларға беріп жіберген екен. Салдарынан, 500 млн доллар тұратын бағдарлама бірден сынға ұшырады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі ендігі кезекте ИМ-мен барынша ұтымды күресіп жатқан күрд жасағы іспетті топтарға ден қоятындығын мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар