Бас прокурор Берік Асылов бұрынғы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің Абай облысындағы орман өртіне қатысты тергеуде куәгер ретінде тергеліп жатқанын мәлімдеді.
Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Берік Асыловтың тергеу жқмыстарындп экс-министр Юрий Ильиннің мәртебесі айқындалмағанын айтты.
"Жай ғана куәгер ретінде тергеді, болды. Оның ешқандай мәртебесі жоқ. Ильин тек куәгер ретінде ғана тергелді. Қазір тергеу жүріп жатыр", – деді Бас прокурор.
Еске сала кетейік, Абай облысындағы "Семей орманы" рехерватында өрт шығып, 60 гектар жер жанып кеткен болатын. Өрт сөндіру барысында 15 адам қаза тапқан еді.
Пікір қалдыру