Қазақстанда 2016 жылы нан 30%-ға қымбаттауы мүмкін
Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков қымбаттаудың не себепті күтіліп отырғандығын түсіндірді. Бұл туралы 1tv.kz-ке сілтеме жасай отырып «Қамшы» порталы хабарлайды.
Ауылшаруашылық министрінің айтуынша, басты әлеуметтік азық-түлікке бағаны астықтың сатып алу бағасын қаржыландыру арқылы жасанды жолмен барынша ұстап тұруға тырысқан.
Алайда, нарық жағдайында мұндай қаржылық жеңілдіктерді беруді жалғастырып, одан әрі төмен бағаны ұстап тұру мүмкін емес дейді ол.
«Біз нарық бағасына сәйкес экспортқа шығарамыз. Ал ішкі нарыққа үкімет комбинаттар астықты төмен бағамен алуы үшін көмекқаржы бөледі. Яғни үкімет нанның қымбаттамауын қамтамасыз ететін көмекқаржы бөле отырып, фермерлерге өнімдерін нарықта қалыптасқан бағамен сатуға мүмкіндік береді», – дейді Мамытбеков.
Мекеме басшысы ішкі бағаның құлдырауынан фермерлердің табысы жоғарыламай жатқанына да назар аудартты.
Пікір қалдыру