Павлодар облысында семіздікке шалдыққандар әскерге бара алмай отыр

/uploads/thumbnail/20170708200326439_small.jpg

Павлодар облысында семіздікке шалдыққандар әскерге бара алмай отыр

19Павлодар облысында азаматтық борышын өтеуге жарамсыз жастардың көбі семіздіктен зардап шегуде. Бұл туралы «Қамшы» порталы  pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл туралы агенттікке облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, подполковник Олег Николашин мәлім етті.

“Тәуелсіздік алған жылдары кәмелеттік жасқа енді толған жігіттер майтабан ауруына байланысты әскер қатарына қабылданбаса, қазіргі күні семіздік дерті себеп болып отыр. Бұдан басқа, медициналық тексерістің нәтижесі жастардың арасында омыртқаның қисаюы, бас сүйек-ми зақымы сияқты аурулар жиі кездесетінін көрсетеді. Бұл әлеуметтік мәселелер жасөспірімдердің дұрыс тамақтанбауы мен спортпен шұғылданбауына, төбелестің салдарынан жарақат алуына байланысты. Болашақ сарбаздардың денсаулығына қатысты сараптама қорытындысы жылдың соңында нақты белгілі болады”, – дейді Николашин.

Басқарма бастығының айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда әскер қатарына шақырылатын азаматтарың санында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Биыл облыс бойынша барлығы 700-ден астам сарбаз елiмiздiң қарулы күштерiнiң қатарын толықтырады деп күтiлуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар