Көпшілікке белгілі Instagram фото сервисінің негізін қалаушы және оның басшысы Кевин Систром компания ересек пайдаланушылар үшін әлеуметтік портал нұсқасын құруы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы "Қамшы" порталы Mashable-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Систром айтқандай, бұл әлеуметтік порталда R (Restricted) рейтингіге ие фотосуреттер жарияланады. Бұл санатқа он жеті жасқа толған адамдарға немесе ата-анасымен бірге көруге рұқсат етілетін материалдар жатады.
Компания басшысы мұндай сайтты ашуда туындайтын қиындықтар – бұл санатқа енетін контентті анықтау туралы айтты. Кевин портал пайдаланушыға өз ойын эстетикалық тұрғыда жеткізуіне мүмкіндік береді деп отыр.
Осыған дейін Кевин Систром әлеуметтік порталдың цензуралық саясаты бары жөнінде айтқан, дәл осы шектеу Apple корпорациясының қосымшалар дүкенінде де пайдаланылады.
Қазір Instagram он екі жастан асқан балаларға көрсетуге рұқсат етілген материалдармен шектеліп отыр. Сондықтан R санатындағы контентті жариялауға тыйым салынады. Осы шектеу бұзылған жағдайда қосымша App Store-ден өшіріледі.
Пікір қалдыру