Халыққа арналған көмір шетелге астыртын сатылып жатыр

/image/2023/06/27/crop-0_24_449x799_6171dd73-da3b-42aa-8859-e412715d7144.jpeg

Қазақстанда халыққа арналған көмір шетелге астыртын сатылып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда 110 млн тонна көмір өндіріледі. Ал халықтың тұтынуына жылына 9,3 млн тонна көмір қажет.

"Халыққа жеткізілетін көмірдің бағасы эспорттағы көмірдің бағасымен салыстырғанда 5-6 есе төмен. Халыққа барып жатқан көмірді кейбір кәсіпкерлер алып, шетелге сатып жатыр. Өзбекстанға, Қырғызстанға шығарады. Соны болдырмас үшін елімізден автомобильмен көмірді шетелге шығаруға тыйым салдық"- деді Марат Қарабаев Үкімет кулуарында.

Алайда кәсіпкерлер көмірді сырт елге шығарудың басқа жолын тауыпты.

"Енді олар көмірді көлікпен пойызға жеткізіп, шетелге пойызбен шығарып жатыр. Мәселе осында. Көмірді ертерек жаз уақытында алу керек" - деді министр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар