АҚШ "Вагнерге" қатысы бар компаниялар мен тұлғаларға тағы санкция салды. Бұған дейін АҚШ, Еуроодақ, Канада және Ұлыбритания Пригожинге санкция салған болатын.
"Қаржы министрлігінің санкциялары ЧВК "Вагнерді" қаржыландыруға қатысатын негізгі ұйымдар мене тұлғалардың жұмысын қиындатады" - деді терроризм және қаржылай барлау мәселелері жөніндегі АҚШ қаржы вице-министрі Нельсон.
Оның айтуынша, АҚШ "Вагнер" тобының кірісін бақылап, Африка, Украина және өзге елдердегі озбырлық әрекеттеріне кедергі жасайды.
Дереккөз: Азаттық радиосы
Пікір қалдыру