Алматы облысында 7 полиция қызметкері "пара алды" деген күдікке ілінді

/image/2023/06/29/crop-53_32_625x1111_a7fd2008-3556-4e66-94fc-4657410e7251.jpeg

Алматы қаласы мен  облысында 7 полицей "пара алды" деген күдікке ілінді, деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 

"Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алған. Сонымен қатар, инспекторлар жолда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген"- делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында. 

Қазіргі таңда іс сотқа жолданған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар