Интернет гипертонияға шалдықтыруы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708200328877_small.jpg

Детройттегі Генри Форд ауруханасында жұмыс істейтін АҚШ мамандары бірқатар зерттеу жүргізіп, көп уақытын Интернет желісінде өткізетін жеткіншектер қан қысымы жоғары адамдардың қатарына түсуі мүмкін екендігін анықтады. Бұл туралы «Қамшы» порталы Қазинформ.кз-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Зерттеу көрсеткендей, бір аптадағы он төрт сағат пен одан да көп уақытты ғаламторда отыруға арнайтын ұл мен қыздардың қан қысымы жоғары болады екен.  Тәжірибеге 134 ерікті оқушы қатысты; олардың барлығы ғаламторға тәуелді болған және 26-сының қан қысымы қалыпты жағдайда болмаған.

Атап өту керек, бұл желіде көп отырғандықтан пайда болатын жалғыз дерт емес. Сондай-ақ, ғаламторда көп отыратын жасөспірімдер күйзеліс, артық салмақ, есірткі пайдалану және әлеуметтік оқшаулаудан зардап шегуі мүмкін.

Зерттеудің жетекші- ғылыми қызметкері Андрэа Кэссиди-Башроу: «Ғаламторды күніне екі сағат және аптасына бес күн пайдаланған жөн»,- деп кеңес берді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар