Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары оқу орыны, мектеп пен өз атындағы қор басшысы ретіндегі мәртебесінен айыратын түзетулерге қол қойды.
"Назарбаев университеті", "Назарбаев зияткерлік мектептері" және "Назарбаев қоры" туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, автономды білім ұйымдарының қамқоршылар кеңесін құрудағы мемлекет басшысының өкілетін белгіледі.
Бұл өзгерістерге сәйкес енді жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Қазақстан президентінің өзі болады немесе оны Қазақстан президенті тағайындайды.
Пікір қалдыру