Сирия келіссөзі бойынша Астана процесінің 20-кездесуі өтті. Келіссөз қорытындысына орай кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жария етті.
«Сирияның біртіндеп оқшаулану аймағынан шығуы Астана процесінің өз міндетін абыроймен атқарғанының белгісі деп тануға болады. Сирияның араб елдері қатарына оралып келе жатқанын ескере отырып, Астана процесі аясында Сирия бойынша 20-шы отырысты ресми соңғы деп жариялауды ұсынамыз», - деп мәлімдеме жасады Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш.
Айта кетейік, елордада 20-21 маусым аралығында Сирия бойынша 20-шы халықаралық кездесу өтті. Оған кепілгер елдердің - Ресей, Түркия және Иранның делегаттары мен Сирия үкіметі және оппозициясының өкілдері, сондай-ақ бақылаушылар қатысады.
Күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды өзгерту, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу мәселелері талқыланды.
Еске сала кетейік, Астана алаңы Сириядағы қарсылас тараптар арасындағы қақытығыстарды тоқтату бойынша келіссөздер жүргізу үшін ұсынылған. Сириялық реттеу бойынша халықаралық кездесулер елордада 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.
Пікір қалдыру