Кәсіпкерлердің 620 млн теңгесін жымқырған компания басшысы сотталды

/image/2023/07/05/crop-55_20_608x1080_bf0bf380-099b-46e6-a14b-8298f3e1500a.jpeg

Қаржылық мониторинг агенттігі «Almaty Kuat» ЖШС директорына қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны заңдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын мәлімдеді.

 

Тергеу барысында ЖШС директоры екі жыл бойы кәсіпкерлер электр энергиясы үшін негізсіз ақы төлеп келгені анықталды. 

Ол жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Одан әрі жедел-іздестіру шаралары барысында жоғарыда аталған ЖШС директорының мәмілелер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды заңды айналымға түсіргені анықталды.

"Сот қаулысымен жалпы сомасы 134 млн теңгеден астам жер телімдері мен құрал-жабдықтар бұғатталды. Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.

 

Дереккөз: Ulysmedia.kz

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар