Алматылықтар қала әкімі Ерболат Досаевты жұмыстан шығаруды талап етіп петиция жариялады. Олардың айтуынша, Досаев әкім болғалы мәселе көбейе түскен.
"Құрылысқа тыйым салынған жерлерде бітпейтін құрылыстар, бүкіл қала бойынша бордюрлар өзгертіле береді және жөндеуді қажет етпейтін жолдарды жөндейді. Қала тұрғындары оның брифингте тұрғындармен сөйлесуін ұнатпайды", – делінген петицияда.
Петиция авторлары қала басшысының ауысуын талап еткен.
"Жақында Сейфуллин көшесіндегі көпірдің сапалы тас қабырғалары алынып тасталды және қытайлық плиткаларына ауыстырылды. Мұның бәрі бюджеттен мүмкіндігінше көп ақша алу үшін жасалатын тәрізді. Осы петицияға қол қойған азаматтардың атынан Қазақстан Республикасының президентінен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты отставкаға жіберуді сұраймыз", – делінген құжатта.
6 шілдеде шыққан петицияға 90 адам қол қойған.
Пікір қалдыру