Кабулдағы терактіде миналанған көлік шетелдік әскерге соқтығысты

/uploads/thumbnail/20170708200339893_small.jpg

Жексенбі күні Кабулда миналанған көлікте отырған терроршы шетелдік әскер колоннасына соқтығысты. Бұл туралы «Қамшы» порталы euronews.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаушының өзі оқиға орнында қаза тауып, ең аз дегенде 7 адам жарақат алған. Дегенмен, мәліметтер әлі толықтырылу үстінде. Полиция қызметкерлері де әскери адамдар қатарынан құрбан болғандардың бар-жоғын әлі айтқан жоқ.

Аталмыш жағдай туралы ақпарат белгілі болғаннан-ақ, Талибан қозғалысының бүлікшілер тобы Кабул орталығындағы терракт үшін жауапкершілікті өз мойынына алды. Осыдан үш күн бұрын Ауғанстанда 1 адамның өмірін қиып, 3 адамды жарақаттаған аяусыз жарылыстар орын алған. Ол кезде бір уақытта 3 магниттік бомба жарылған болатын. Одан бұрын бүлікшілер Кабул ресторандарының бірінде өрт шығарып, 3 адамды жарақаттап, 2 адамды өлтірген еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар