Ирак Армиясы: Ислам мемлекетінің басшысы Абу Бакр ауыр жарақат алды

/uploads/thumbnail/20170708200340611_small.jpg

 

            «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының ақтық күні таяғанға ұқсайды. Әуелде  Ресейдің, кейін Францияның әуе күштері шабуыл жасады. Сирияның да әскері әрекетін қарқындата түсті. Енді міне Ирактың да қарулы күштері белсене кірісіп отыр.

             «Қамшы» порталы РИА.ру-ға сілтей отырып хабарлайды. Ирак әуе күштері «Ислам Мемлекеті» лидерлерінің бірі Әбу Бәкір әл-Бағдаттың  кортежіне соққы жасаған. ИГИЛ басшысы қаза тапқандар қатарынан табылмаған. Ирак армисының мәліметінше Әбу Бәкір ауыр жарақат алған болу керек. Бірақ операцияны сәтсіз деуге келмейді. Шабуыл барысында ИГИЛ-дің екі бірдей командирі қаза тапқан. Олар ИГИЛ-дің Анбар провинциясындағы қаржыға жауап беретін Омар әл-Кубейси және ИГИЛ басшыларының қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты Әбу Саад әл-Карбули.

          

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар