Тәуелсіз бақылаушылар ұйымының төрағасы Бесжан Төлеубек қамалды

/image/2023/07/14/crop-42_117_396x705_901fd8a8-0741-4b5c-9bdd-9b0a0fc47028.jpeg

Тәуелсіз бақылаушылар ұйымының басшысы Бесжан Төлеубекұлын таңертең полиция ұстап әкеткен. Белсендіні адвокаты мен жақындары іздеп таппай жатқанын хабарлады.

Бесжан Төлеубекұлы бүгін Тараз қаласынан Алматыға келген. Таңғы сағат сегізде жақын адамына "қамады" деп хабарлама қалдырған ол содан бері хабарсыз кеткен.

Белсендінің ұсталуына 11 шілде күні қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сотталғандарды қолдап, сыртта сөз сөйлегені себеп болуы мүмкін. Алайда үкім оқылған отырысқа Бесжан Төлеубекұлынан бөлек 160 азамат қолдауға барған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің Наурызбай аудандық полиция басқармасының әкімшілік істер жөніндегі бөлімінің басшысы Асхат Бейдалиев белсендінің адвокатына Төлеубекұлынын тауып беруге уәде берді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар