Қонаев қалалық соты Ермек Нарымбаевтың жазасын жеңілдетіп, бостандыққа шығару туралы шешім қабылдады.
Orda.kz порталының хабарлауынша Нарымбаев 15 тәуліктен кейін бостандыққа шығады.
13 шілдеде өткен тыңдалымда сот белсендіні мерзімінен бұрын босатып, 11 айға жуық пробациялық бақылауда ұстауға шешім шығарған.
Еске сала кетейік, Нарымбаев 2010 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін талап еткен жиында "Назарбаев, кет!" деп ұрандатқан болатын. 2015 жылы әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы "араздық тудырды" деп айыпталып, 3 жылға сотталған. Кейіннен бұл шартты түрдегі жазаға ауыстырылған. Осы кезде белсенді жеке басына қауіп төнгенін айтып, Украинаға кетіп қалған болатын. Алайда 2022 жылдың ақпанында Қазақстанға қайтып оралып, әуежайда тұтқындалып, қамауға алынған еді.
Пікір қалдыру