Павел Глоба: «Қазақстан ұлы империяға айналады»

/uploads/thumbnail/20170708200345112_small.jpeg

Заманында жүз түрленіп, мың құбылып тұратын қоғамның дерті жетіп артылады. Оған сан қилы деректер келтіруге болады. Бірақ, соның ішіндегі ең қауіптісі – Құдайдың көбеюі. Ол – Құдайсыздықтан да қауіпті. Наным мен сенімнің шекарасындағы айқас. Әңгіменің әлқиссасына қарай ойыссақ.

            Ел арасында кейінгі кездері Павел Глоба деген азаматтың есімі кеңінен таралып жүр. Ресейден келген астролог-көріпкел сан-түрлі дүниеге өз көз-қарасын білдіріп, бал ашып жүр. Иә, оның айтқандарының біразы дәлме-дәл түсуі де таң қалдырмай қоймасы анық. Бірақ өз елінде абыройы мен даңқы артып тұрған астролог Қазақстанға неге келді? Бұл бізді де толғандырмай кетпеді.

            Глоба глобальды мәселеге бал ашып, бағын ашуға құмар астролог. Таяуда ғана Ресейдің «Летер-неделя» ақпараттық бюросына берген сұқпатында «Қазақстан ұлы империяға айналады» деген сөзді айтқан болатын. Глобаны «годать» еткендерінің 85 пайызы орындалады-мыс. Әлбетте өзінің пайымынша. Бірақ бұл пікірді өткен ғасырдың ең ұлы көріпкелі Ванганың өзі де айтты емес пе?

            Мәселе бұнда да емес. Елің ұлы болады деп, етене жақындасып Глоба не ұтпақ сонда? Ақша? Оның отбасы қазір Германияда тұрады. Демек Ресейде де жағдайы жаман емес қой. Оның үстіне астролог-кейіпкер дегендеріңіз мұсылманша менталитетті елге өтпейтін дүние. Сәйкесінше табыстың көзі де мұнда аздау болатыны сөзсіз. Демек ақша мәселесі емес. Ал, мақұл ең ұлы империяда өмір сүргісі келеді делік. Бірақ неге Глоба отбасымен Қазақстанға көшіп келмейді? Бұл нұсқа да келмейді. Үшінші не бар? Арам ой? Ұлт арасындағы наным-сенімді аластату. Бір-біріне айдап салу. Нептун, Плутондар сендерге бөлінсін деп жатыр десе не істемекпіз?

            Иә, қазір бұл дүниелер күлкілі болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе Глобаның «гениальный» болжамдары оның артынан ергендердің қарасын қаптатпасына кім кепіл? Менмін деп сіз айта аласыз ба? Жоқ.

            Глоба көкеміздің көріпкелдігі туралы ақпарттар іздеп отырып Қазақстан Мұсылмандар кеңесінің дегеніне көзім түсті. Көзім түсті де қайран қалдым. Ойымызға дөп түскен екен. «Қамшы» порталы ұйымның баспасөз қызметіне сүйене отырып мәлімдейді.

            ҚМК Глобаны дереу Қазақстан территориясынан депортациялауды талап етіп отыр. Олай етпеген жағдайда жағдайдың қиын болатынын да жасырмайды кеңес. Себебі жағдай дәл осы бағытта жалғаса беретін болса Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты шарлатандар мен көріпкелдердің дегендері арқылы жүзеге асатын жағдайға жетуі мүмкін.

            Сондықтан Қазақстан Мұслмандарының кеңесі Павел Глобаны дереу депортациялауды талап етуде. Құдайға деген сеніммен сан ғасырдан сүрінбей өткен елге Нептун мен Юпитердің қолдауынсыз қарыштауға әбден болады. Глоба елден кетсе голактика қарғамасы анық. Елдігімізге сенейік. Қамшы төбеде емес, қолда ойнасын ардақты ағайын!

 

Аян МЕЙРАШ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар