Терроршылар Чадтағы балық базары мен босқындар лагерін жарды

/uploads/thumbnail/20170708200347580_small.jpg

Чад мемлекетінде үш бомбаның жарылуы салдарынан Бага Сола қаласында аз дегенде 37 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алған. Бұл туралы «Қамшы» порталы euronews.com-аға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бірінші жарылыс күні кеше балық базарында болып өткен, қалған екеуі – қала шетіндегі босқындар лагерінде. Үкіметтің айтуынша, аталмыш жарылыстар «Боко харам» радикалдық тобының бүлікшілеріне тиесілі. Чад мемлекеті Орталық Африка мемлекеттерінің биылғы жылдың қаңтарынан бастау алған экстремистерге қарсы операциялық коалициясына қатысып отыр екен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар