Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы" бұйрығы күшіне енді.
Бұйрыққа сәйкес "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын" упайдалану ақысы бекітілді.
Ақылы жолдың бастапқы пункті – Алматы-Ұзынағаш автомобиль жолының 22+640-шақырымы, соңғы пункті – Алматы-Талғар автомобиль жолының 22+000 шақырымы.
Үлкен Алматы айналма жолындағы 1 сағат үшін төлем мөлшері:
- жеңіл автокөліктер – 241,5 теңге;
- 16-ға дейінгі жолаушыға арналған автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 276 теңге;
- 32-ге дейінгі жолаушыға арналған автобустар және жүк көтерімділігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 483 теңге;
- 32 және одан да көп жолаушыға арналған автобустар және жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 552 теңге;
- жүк көтерімділігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 690 теңге;
- жүк көтерiмдiлiгi 15 тонна және одан да көп, оның iшiнде тiркемелерi бар жүк көліктері, ершікті тартқыштар – 759 теңге.
1 айлық және 1 жылдық абонемент құны:
- жеңіл автомобильдер: бір айға – 0,5 АЕК (1725 теңге), бір жылға – 5 АЕК (17 250 теңге);
- 16 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бір айға – 0,6 АЕК (2070 теңге), бір жылға – 6 АЕК (20 700 теңге);
- 32 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бір айға – 1 АЕК (3450 теңге), бір жылға – 10 АЕК (34 500 теңге);
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері автопоездар: бір айға – 1,5 АЕК (5175 теңге), бір жылға – 15 АЕК (51 750 теңге);
- жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері: бір айға – 2 АЕК (6900 теңге), бір жылға – 20 АЕК (69 000 теңге);
- жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар: бір айға – 2,5 АЕК (8625 теңге), бір жылға – 25 АЕК (86 250 теңге).
Пікір қалдыру