Қазақстанда телефон нөмірін тіркеу кезінде өз түрін көрсетуге міндетті болады

/image/2023/07/21/crop-11_6_354x630_af8b329ee8fa4af95cf6c753622a9693_resize_w_742_h_365.jpg

Ұялы байланыс қызметтерін қолдануға қашықтан шарт жасасу үшін қазақстандықтар өздерінің биометриялық деректерін, яғни, түрін көрсетуге міндеттеледі.

Бұл абоненттік нөмірлерді басқа адамдардың аттарына тіркейтін қылмыскерлерге қарсы тұру үшін енгізіледі.

"Құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дұрыс ақпарат болмай қалады. Осы қылмыстарды азайту мақсатында биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды", – делінген ұсынылған өзгерістердің негіздемесінде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар