Ресей президенті Владимир Путин Вагнер басшысы Евгений Пригожинді жасаған бүлігінен кейін өлтіруге тырысуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернс мәлімдеді.
Бернстің айтуынша, Путин бұл жағдайға аса бас ауыртпайтындай кейіп танытуы мүмкін, бірақ диктатор Пригожиннен кек алмай қоймайды.
"Путин өш алудан алдына жан салмайды. Егер мен Пригожиннің орнында болсам, тамақ жемес бұрын у қосылмағанын тексертер едім", - деді Бернс.
Пікір қалдыру