Ресейде әскерге шақыру жасы көтерілді

/image/2023/07/21/crop-27_18_676x1202_36252237_0_160_3072_1888_1280x0_80_0_0_84c05e1c37e3daee95b4995df9f54c9b.jpg

2024 жылдан бастап Ресейде 30 жасқа дейінгі азаматтар әскерге шақырылатын болады. Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов мәлімдеді. 

"Заң жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізу ұсынылып отыр, яғни бұл ережелер күзгі әскерге шақыру науқанына таралмайды. Мәселен 2023 жылы 31 желтоқсанда 27 жасқа толғандарға 1 қаңтардан жаңа заң қолданылмайды. Алғашқы әскерге шақыру – 2024 жылдың көктемі, ол жаңа ережелер бойынша өтеді", - деді Картаполов.

Жаңа норма 2024 жылы көктемгі әскерге шақыру науқанынан бастап күшіне енеді. Заң жобасында әскерге шақыру жасын 18-ден 30 жасқа дейін көтеру көзделген. Тиісті түзету бірінші оқылымда мақұлдады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар