Қазгидромет РМК бүгінгі ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталып, батыста қатты жаңбыр жауады. Ал еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында күн ашық болады. Алайда Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте тұман болуы мүмкін.
Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен орталығында 42 °С өтте қатты ыстық болады.
Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Атырау облысының батысында және солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Пікір қалдыру