Ақтөбеде 4 жасар ұлын өлтірді деген күдікті өз кінәсін мойындамады

/image/2023/07/26/crop-5_64_666x1184_bddac953a7239807336e8862969e237d.jpg
Ақтөбе қаласында өз ұлын жауыздықпен өлтіргені үшін айыпталған Артур Ахунов ешкім күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.
 
Сот отырысында Ахунов баланы өлтірген үшемнің сыңары деген мәлімдеме жасады. Оның сөзіне қарағанда, балалар ойнап жүргенде жазатайым оқиға болған.
 
"Ол қызыммен ойнағанды өте жақсы көретін. Олар ойнап жүріп, оның қолын жіберіп қалғанда бетонға баспен түсті. Артынша үлкен ұлым түсінбей итеріп жіберді. Сол сәтте, ол бетін еденге соқты", - дейді сотталушы.
 
41 жастағы әке әр отырыста түрлі уәжді алға тартты. Айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр. Алайда сотта не себепті жедел жәрдем шақырмағанын да түсіндіріп бере алмады.
 
Тергеу кезінде баланың мәйіті жалдамалы пәтердің балконында он күннен астам уақыт жатқаны анықталды. Артынша әкесі 4 жасар Данилдың денесін қытай сөмкесіне салып, таксимен алдын ала қазылған шұңқырға апарып көмген.
 
Сот сараптамасына сәйкес, бала басынан ауыр соққы алғаннан қайтыс болды.
 
"Сол жақ маңдай бөлігінің зигоматикалық аймағында соққы болған. Содан кейін оң жақта желке жағынанда соққының ізі бар. Бұл тікелей соққы болуы мүмкін. Сынық жарақаттары да анықталды", - дейді сот сарапшысы Ырыскелді Сүлейменов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар