Жетісу облысында 3 әкімге 1 млн теңгеден айыппұл салынды

/image/2023/07/27/crop-0_47_383x680_ba75dbb0-9edb-4d70-8b0d-774ec994a838.jpeg

Жетісу облысында Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмыс істеуі бойынша жүргізілген талдау қорытындысы белгілі болды. 

Облыстық прокуратура мәліметінше, кейбір аудандарда қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарың бекітілген құжаттарсыз жұмыс істейтіні анықталған. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

"Мысалы Алакөл ауданында 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 ҚТҚ полигоны бар, алайда оның ішінде тек Достық округындағы "Шыңдәлі" полигонында құқық белгілейтін құжат бар. Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды", – делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған барлық бұзушылықтар бойынша үш ауыл әкіміне 300 АЕК-тен астам сомаға айыппұл тағайындалды және бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар