Қостанайда құны 9 млн теңге болатын есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы полиция қызметі мәлімдеді.
Полицейлер 58 келіден астам марихуана тәркілеп, есірткі сатумен айналысқан 11 адамды ұстады. Күдіктілер есірткіні жалға алынған гаражда сақтаған. Қазір іс бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.
"Қылмыстық топ мүшелері 22 мен 54 жас аралығындағы азаматтар. Қазіргі уақытта 5 күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қалғандарына кетпеу туралы міндеттеме берілді", - деп мәлімдеді әкімшілік полиция бөлімінің өкілі.
Пікір қалдыру