Әлеуметтік желіде тараған видеолардан Шығыс Қазақстан облысындағы Филиповка өзенінің ластанғанын байқауға болады. Осыған қатысты ШҚО экология, балық инспекциясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "Қазмырыш" ЖШС өкілдері тексеру жүргізді.
Өзеннің ластануына Қазмырыш ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің қалдық қоймасына пульпа құбырының жарылуы себеп болған.
Экология департаментінің қызметкерлері химиялық талдау үшін су сынамасын алды. Қазір сынама талданып жатыр.
Осыған қатысты экология департаменті Қазмырыш ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.
Пікір қалдыру