"Бір бала қаза тапты": Қарағандыда балалар жаппай уланды

/image/2023/08/01/crop-0_35_675x1200_38d19d33-f180-4f5a-9d48-c08d97312a15.jpeg

Қарағанды облысында балалар жаппай уланып, бір бала қайтыс болды. Алты бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова хабарлады.

"12 бала ауруханаға түскен. Әзірге олардың неден уланғаны белгісіз. Өкінішке орай бір бала қайтыс болды. 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бес баланың жағдайы орташа. Барлығы ер бала. Ауруханаға алғашқы бала 30 шілде кешке түсті" - деді Есмағамбетова.

Оқиға Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болған. 

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі балалардың тамақтан улану фактісі бойынша Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ-ға қатысты қылмыстық кодекстің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар