Жыл басынан бері пайдаланылмай тұрған және заңсыз сатылған 1,8 млн гектар ауыл шаруашылық жері мемлекет меншігіне қайтарылды.
"Жыл соңына дейін мемлекет меншігіне жалпы көлемі 5 млн гектар жерді қайтару жоспары бар. Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлер бірінші кезекте халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз етуге бағытталады. Қайтарылған жерлер аудандардың резервіне қойылады. Халық тиісті жайылым жерлермен қамтыған кейін қалған бөлігі конкурсқа шығарылады", – деп мәлімдеді Ауыл шаруашылық министрлігі.
Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап, Informburo.kz жазды. Министрліктің хабарлауынша, жайылым туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр.
"Қазіргі уақытта Парламент мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген "Жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы аясында елді мекендерге іргелес жатқан жайылымдық жерлерді басқа алқаптарға ауыстыруға тыйым салу бөлігіне, Жер кодексіне, сондай-ақ "Жайылымдар туралы" заңға рұқсат етілген жүктеме нормасын 20-дан 50 пайызға дейін арттыру бойынша түзету енгізілгелі жатыр. Жергілікті атқарушы органдар аталған заңға енгізілетін өзгерістерді назарға ала отырып халықты жайылым жерімен қамтуды жергілікті деңгейде шешуі керек", – деді хабарламада.
Пікір қалдыру