Жамбыл облысында төтенше жағдай орын алды. Жергілікті тәртіп сақшылары алдын-алу жоспарын іске қосып отыр. Бұл туралы «Қамшы» порталы облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мәселенің туындауы мынада: «Қамшы» порталы Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласы маңындағы түрмеден терроршылар қашып шыққаны туралы хабарлаған болатын. Қазіргі таңда 5 қылмыскердің қай жерде жүргені белгісіз. Сондықтан олардың Қазақстан территориясында жүруі мүмкін деген де қауіп бар.
Жергілікті билік халықтың абайлап жүруін ескертеді. Олар, егер де қылмыскерлер хақында қандайда бір ақпарат естіген болса, «102» телефонына хабарласуын сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласындағы түрмеден тоғыз бірдей террорист қашып шыққан
Қашу барысында қылмыскерлер өздеріне қарсылық көрсеткен 3 тәртіп сақшысын мерт қылған. Бір әскери қызметкер ауыр жарақат алған. Оқиға барысында бір қылмыскер жараланған. Көп ұзамай 5 бірдей терроршылар ұсталып тынды. Қалған 4-не қазір іздеу жарияланған болатын.
Пікір қалдыру