Әбләзов Ресейге қашан келеді?

/uploads/thumbnail/20170708200416221_small.jpg

Әлқисса! Сөз басында айта кетуіміз керек. Қазан айының 12-ші жұлдызында  Франция мемлекеті Әбләзов  мырзаны Ресейге экстрадициялау туралы үкім шығарған болатын.

            Дәл қазіргі таңда бұл үкім Әбләзов мырзаның қорғаушылары тарапынан  қайта шағымдалып жатыр. Бұл туралы БТА банкінің экс-президентінің ресейлік қорғаушысы Марк Фейгин «Интерфакске» хабарлап отыр.

            Қоғаушының сөзіне сенсек, Әбләзовті Ресейге ауыстыру уақыты туралы айтуға әлі ерте. «Менің пікірмше Францияның бұл үкімі құқықтық емес, саяси тұрғыдан жүзеге асып отыр»,- дейді Фейгин мырза.

            Банкир Әбләзов Ресейдегі сот алдында жауап беруі мүмкін. Оған мемлекет қаржысына қол салды, алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.

            Бұған дейін Англия соты БТА-ның Әбләзов 4 млрд доллар ұрлады деген арызын қанағаттандырған болатын. Ал, Әбләзов мырзаны жалған ақпарат бергені үшін 22 айға бас бостандығынан айырған.  Бірақ Әбләзов үкімнен қашып құтылған-ды. Алайда, 2013 жылы Францияда ұсталып тынды.

            Қазіргі таңда Әбләзов Франция түрмелерінің бірінде жатыр.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар