Би-би-си әлемдік қызметі жапон тіліндегі ақпараттық порталын 14 қазанда іске қосатын болды. Бұл тураы «Қамшы» порталы bbc.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жапондық Би-би-си қызметі коммерциялық негізде қаржыланатын алғашқы ақпараттық ресурс болмақ.
Интернет жүйесін қолданушы жапондық аудитория – Қытай, АҚШ және Үндістаннан кейін әлеуметтік желілердегі 24 млн аккаунтымен әлем бойынша төртінші орынға ие.
Жапондық тұтынушыларға мобильді интернет 100 пайыз қолжетімді көрінеді.
Зерттеу нәтижелері бойынша Би-би-си сайтының ағылшынша нұсқасының миллионнан астам тұтынушысы Жапониядан кіреді екен. Олардың 90 пайызының ана тілі – жапон тілі.
Әлемдік Би-би-си қызметі жаңа сайтты әзірлеу барысында жаңа техникалық шешімдер қабылдап, оларды ағылшынша немесе кириллицалық белгілерді қолданбайтын ресурста пайдалануы алғаш рет екен.
Би-би-си сайтының жапон тіліндегі нұсқасы Токио, Сингапур және Лондонда базаланған халықаралық топтың мүшелерімен құрылып жатыр.
Пікір қалдыру