Бас прокуратура қылмыстық кодекске "Неке қию мақсатында адам ұрлау" бабын енгізуді қарастырып жатыр.
"Орталық Азия елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанның қылмыстық заңнамасында күштеп некеге тұру мақсатында әйелдерді ұрлау туралы жеке бап бар. Мәжбүрлеп некеге тұру көбінесе қыздарды білім алу мүмкіндігінен айырады, бұл оларды еріне тәуелді етеді", - деді бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі.
Мамандар қыз алып қашу Қазақстанның оңтүстігінде әлі де жиі кездесетінін айтады. 2019 жылдан бастап бүгінге дейін елде 214 адам ұрлау фактісі тіркелген. Алайда, Қазақстанның Қылмыстық кодексінде қыз алып қашу жеке бап ретінде қаралмайтындықтан некеге тұру үшін ұрланған қыздар туралы нақты статистика жоқ.
Пікір қалдыру